• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Қорғаныс министрі Түркия Премьер-Министрімен кездесті

287 рет
көрсетілді

Кеше Ыстамбұлда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркия Әскери-теңіз күштеріне жаңа кеме тапсыру салтанатты рәсімі барысында осы елдің Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті. Кеме елдің жағалау маңы аумақтық суларының патрульдік қызметіне арналған.

Әділбек Жақсыбеков Түркия Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанды салтанатты рәсіммен құттықтап, жылы қабылдауына алғысын білдірді. Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы осы апта басында Анкарада Түркияның жоғары әскери басшылығымен болған кездесулер мен түрік әскерінің жауынгерлік дайындығы және қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен танысу шаралары екіжақты әскери ынтымақтастықты белсенді ете түсуге айтарлықтай қарқын беретінін атап өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі: «Бүгінгі кемені суға түсіру шарасы Солтүстікатлантика альянсы елдері арасында Түркия әскерінің ең жетілдірілген және тиімді армия екенін тағы бір дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс ведомствосы және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықты өнімді дамытуға үлкен маңыз береді», – деп атап өтті.

Әділбек Жақсыбеков пен Реджеп Ердоған әскери саладағы қазақ-түрік өзара іс-қимылдары екі ел мемлекет басшылары қол жеткізген өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде одан әрі де жемісті дами беретініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар