Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлімдеді.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Маңғыстау облысының әкімдігі облыс бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын жасақтап, бекітті.
Бұл кешенді жоспар шеңберінде барлығы 17 320 адам қамтылады деп күтілуде. Кешенді жоспарға сай іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды қамту көзделіп отыр.
Жұмыспен қамту шаралары бойынша 8 067 адам тұрақты жұмыс орындарымен, 7 334 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылады. Сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылса, 624 адам шағын несиемен және 455 адам жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттармен қамтылады.
Сонымен қатар, осы төтенше жағдайға байланысты республикалық бюджеттен қосымша 1 556 адамды қамту үшін 585 млн теңге қаржы бөлінді.
Кешенді жоспар шеңберінде 18 876 адам қамтылады.
Маңғыстау облысы