COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет өткен тәулікте тағы 403 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, өсім қарқыны – 5,1%, оның ішінде Қарағанды облысында – 90 (19,1%), Солтүстік Қазақстан облысында – 6 (15%), Түркістан облысында – 33 (11,8%), Ақтөбе облысында – 18 (7,1%), Шымкент қ. – 33 (5,7%), Алматы қ. – 97 (4,7%), Батыс Қазақстан облысында – 16 (4,3%), Қостанай облысында – 5 (4,3%), Жамбыл облысында – 10 (4%), Нұр-Сұлтан қ. – 58 (3,8%), Шығыс Қазақстан облысында – 2 (3,3%), Атырау облысында – 22 (2,6%), Алматы облысында – 6 (2,2%), Қызылорда облысында – 5 (1,8%), Маңғыстау облысында – 2 (1,2%).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 8 322 адам анықталды.