30 Қыркүйек, 2013

Қазақстан волейболшылары екінші кезеңге шықты

297 рет
көрсетілді

Қазақстанның волейболдан ерлер арасындағы құрама командасы Азия чемпионатының екінші топтық кезеңіне өтті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Іріктеу турнирі Біріккен Араб Әмірлігінде өтті. Мұнда «С» тобында шайқасқан Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Біздің жерлестеріміз бірінші ойынында Иран командасымен кездесіп, 0:3 (21:25, 17:25, 22:25) есебімен ұтылып қалды. Ал екінші кездесуде Кувейтті 3:0 (25:23, 25:15, 25:17) етіп жеңді. Біздің бас команда осылайша медальдар үшін таласушылар тобына қосылды. Ол енді «К» тобында Иран, Ирак құрамаларымен, сондай-ақ кейін анықталатын тағы бір жасақпен ойнайды. Дамир Қожамқұл.