Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дастан Бегендіков мәлімдеді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жоба мүмкіндіктері жарияланғаннан бері, орталықта «Еңбек нарығы» базасында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 1000 жуық жұмыссыз азаматтарға жолдама беріліп, Ақтау қаласы бойынша 390 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бағдарлама аясында барлығы 12,3 миллиард теңгеге 43-жоба және 3 500 адам жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жалақы көлемі жұмыс ауқымына байланысты 85мың теңгеден 150мың теңге аралығында төленеді. Бағдарламаға қатысушы мердігер мекеме Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1742 азаматты яғни, (50%) жұмыссыз азаматтар қамтылады деп күтілуде. Жобаға қатысуға ниет білдіретін жұмыссыз азаматтардың міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласында болу қажет.
Маңғыстау облысы