• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Мамыр, 2020

Қазақстанға алдағы 30 жылда қартаю қаупі төніп тұр

907 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Популяциялық қоры (ЮНФПА) Қазақстанда келесі 30 жыл ішінде демографиялық қартаю басталатынын болжап отыр.  Яғни, халықтың жас құрылымын өзгертудің негізгі бағыттарының бірі - егде жастағы адамдардың абсолютті және салыстырмалы санының көбейеді. 

Орталық Азияда қартаюға бет алған мемлекеттер, әзірге біздің елмен шектеліп тұр. Ал көрші Өзбекстан мен Қырғызстан керісінше   халқы жас мемлекеттердің санатында тұр екен.

2009 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 65 жастан асқандар халық санының 7,1% құраған.  Бұл  көрсеткіш  Ресейде 12%.  Ал бала туу көрсеткіші аса жоғары Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде жасару жүріп жатыр.   

«Алдағы отыз жылда қарт адамдар саны едәуір артады. Бұл әсіресе келесі онжылдықта тез өседі - жылына орташа есеппен 4-5%.

Болжамның орташа нұсқасына сәйкес, 65 жастан асқан адамдар саны 2050 жылға қарай 2019 жылға қарағанда шамамен 2 есе артып, 1,4 миллионнан 3,4 миллион адамға дейін жетеді» дейді БҰҰ таратқан мәліметте.   

Мамандар егер   БҰҰ мамандары болжап отырғандай 2050 жылы елімізде қарттардың көрсеткіші 25 пайызға жетсе онда бұған шынымен алаңдауымыз керек екенін айтып жатыр.

Қарттық деңгейінің өсуі мемлекетімізде еңбекке қабілетті адамдардың көрсеткішінің төмендеуіне апарып соғады.