• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2020

Баспаналы болу мүмкіндіктері айтылды

368 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Жаңа бағдарламамен баспаналы болу мүмкіндіктері» тікелей эфирде айтылып, облыс тұрғындарының баспанаға қатысты сұрақтарына мамандар жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспаөз қызметі.

«Antikor.live» жобасының аясында ұйымдастырылған тікелей эфирге тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің аға кеңесшісі Қымбат Азимбаева, бизнесті дамыту бөлімінің маманы Айдын Аженов қатысты.

Эфирде Қымбат Болатқызы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашу, ай сайын шотты толықтыру мен оны төлеудің жолдары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Айдын Амирадинұлы «5-10-20» және «Бақытты отбасы», «Өз үйім» бағдарламаларының айырмашылықтары туралы айтып, баспаналы болудың мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.

Бір сағатқа созылған тікелей эфирде тұрғындар тарапынан 50-ге жуық сұрақ келіп түсті. Басым көпшілігі «Бақытты отбасына» қатысу, төмен пайызбен баспана алу, алғашқы жарна туралы сауалдар болды.

Мамандар баспанаға қатысты азаматтардың кез келген сұрақтарына банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жауап беретіндерін жеткізді.