• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Атырау: Ауыл әкімдерінің көлігі жаңарады

430 рет
көрсетілді

Бұған дейін Қызылқоға ауданының әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған еді. Соның ішінде әрқайсысының құны 5 млн теңгеге бағаланған «Нива» маркілі 10  көлік бар. «Нива» көліктері  10 ауылдық округтің әкімдеріне берілгелі отыр.

– Өйткені осы аудандағы округтердің әкімдері үшін қызметтік көлік 10 жыл бұрын сатып алынып, содан бері жаңартылған жоқ. Барлық көлік әбден тозды. Қазір округ әкімдері өздерінің жеке көліктерімен қатынап жүр. Сол себептен, 10 ауылдық округ пен  аудандық бес бөлім, аудан әкімі аппаратының жетекшісі  үшін   қызметтік автокөлік сатып алуға шешім қабылданып отыр, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге аудан әкімінің екі орынбасары үшін жол талғамайтын  2 кроссовер көлігін сатып алу  да жоспарда болған. Алайда аудан әкімдігі бұл көліктерді сатып алмауға бекінді. Енді әкімдік 16 автокөлікті сатып алумен шектеледі.