Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда тағы 66 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.
Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 11,Алматы қаласында – 28,Шымкент қаласында – 3,Жамбыл облысында – 3,Қарағанды облысында – 8,Қостанай облысында – 2,Түркістан облысында – 10,Маңғыстау облысында – 1.
Елімізде барлығы 4 893 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.