• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Атырау: ҰБТ тапсыруға 4 211 түлек өтініш берді

146 рет
көрсетілді

Биыл мектепті  5 286 түлек  бітірді. Олардың  4 211-і  ҰБТ тапсыруға өтініш беріп отыр. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, бұған қоса колледждерді бітіретін 834 түлек те ҰБТ тапсырады.

Қазір тестілеуге дайындық online платформаларда жүріп жатыр.

– ҰБТ тапсыру барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Облыста тест өткізу үшін сегіз орталық жасақталды. Қазір  ҰБТ өткізудің  сызбасы облыстық  бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің  келісіміне жіберілді. Тест ғимарат ішінде өтеді. Қазіргі жағдайға байланысты 86 аудитория дайындалуда. Лек саны артуда. Тест тапсырушылар 29 лекпен кіретін болады, - дейді Ақкенже Исанбергенова.