• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Жаңатастық жас шеберлер

274 рет
көрсетілді

Бүгінде ел игілігіне арналған бағдарлама көп. Тек барды ұқсатып, аянбай еңбек ету қажет. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының жас кәсіпкерлері Мадияр Кәрібаев пен Ахан Әжмағанбетов гранттарды ұтып алып, бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрал-жабдықтар жасаумен айналысуда. Еңбектері жеміссіз де емес.

«Бүгінде еңбек етуге ниетті адамға жұмыс көп. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған вертикализатор мен IT-арба жасау көптен бері көкейімізде жүрген болатын. Тәуекел деп, қолдағы бар материалдармен ойға алған дүниемізді жасап көрдік. Нәтижесі жаман болған жоқ. Көңілімізден шықты. Бірнешеуін қолжетімді бағамен сатылымға шығардық», дейді Мадияр Кәрібаев.

Жас кәсіпкерлердің кәсіппен айналысудағы негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі бала­ларға көмектесу. Олар бұл кәсіпті одан әрі жал­ғастыратынын айтады. Пайда табуды емес, қайырымдылық жасауды көздеген азамат­тар алғашқы жасаған бұйымдарын Тараз қаласындағы №1 балалар ауруханасына аз қамтылған отбасылардың балалары үшін сыйға тартқан. Бұл құрал-жабдықтар аяғын дұрыс баса алмайтын және сіңірі созылған балалар үшін өте қолайлы әрі пайдалы екен. Енді жас кәсіпкерлер бұл кәсіпті одан әрі дамытуды көздеп отырғанын жеткізді. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілген қаражатқа ғимарат сатып алып, жергілікті азаматтарды жұмысқа қабылдауды жоспарлауда. Қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып, тиісті жалақысын төлеп отыр. «Кәсіп болғаннан кейін түрлі қиындық да кездесіп жатады. Алғашқы уақытта біраз қиналдық. Бірақ, талпынысымызды одан әрі күшейтіп, жұмысымызды жолға қойдық. Қазір еңбектің заманы. Мемлекет бұл үшін бізге жағдай жасап отыр», дейді Ахан Әжмағанбетов.

 

Жамбыл облысы