Баскетбол спортынан «Лейкерс» клубының аңызына айналған спортшы Коби Брайанттың есімін Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) Даңқ залына ресми түрде енгізу рәсімі келесі жылға қалдырылды.
Әу баста салтанатты шара тамыз айының 29-31 аралығында Спрингфилд қаласында өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға, яғни келесі жылдың тамыз айына шегерілді. 26 қаңтарда өзінің жеке ұшағымен әуе апатына ұшырап қайтыс болған 41 жастағы Брайан – ҰБҚ-ның бес дүркін чемпионы және MVP финалдық сериясының екі мәрте жеңімпазы. 18 рет «Жұлдыздар матчында» ойнады. 1996-2016 жылдар аралығында ол тек бір ғана команда – «Лос Анджелестің» сапында өнер көрсетті.
Коби Брайанттан бөлек, биыл ҰБҚ-ның Даңқ залына Кевин Гарнетт пен Тим Данкан, әйелдер арасынан Тамика Кэтчингс, Руди Томьянович, Ким Малки, Барбара Стивенс және Эдди Саттон сынды бапкердің есімдері енгізілді.