• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Ақмолада кірпіш шығаратын 9 кәсіпорын жұмыс істейді

140 рет
көрсетілді

Тұрғын үй құрылысындағы отандық өнім үлесі 90 пайызды құрайды. Құрылыс қарқынының жыл санап артып келе жатқанын ескерсек, бұл тәп-тәуір көрсеткіш.

Биыл облыстда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 жалдамалы және жеңілдетілген несиелік 12 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Өңірде кірпіш шығаратын 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның алтауы маусымдық. «Енки», «Астана Керамик» серіктестіктері мен Ерейментау кірпіш зауыты жыл бойы үзіліссіз кірпіш шығаруда. Барлығы 145 миллион данадан астам кірпіш қалыптайды. Темірбетон конструкциялары өндірісімен – «Регион-Строй»,  «Көкшетау жолдары»,  «Намыс» кәсіпорындары айналысады. Көкшетау цемент зауыты да өңір нарығындағы іргелі өндіріс ошағы. 

– Республика аймақтары арасында біздің облыстың құрылыс жұмыстарының қарқыны ортадан жоғары. Сараптап қарасаңыз, қолбайлау болып тұрған жай құрылыс материалдары саласында өндірістік база жеткілікті дамымаған. Жобалық құжаттарда отандық өнім қолданысына басымдық беру арқылы өңірдегі құрылыс материалдары өндірісінің дамуына ықпал етеміз,–дейді «Көкшетаугорсельпроект» серіктестігінің директоры Анатолий Митрофанов.  

Құрылыстың қарқын алуы тұрғындардың сенімін арттыруда.