ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша кеше Шымкент қаласының 32 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды, олардың 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 6-уы скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.28.05.2020 ж. жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 762 адам анықталған, оның ішінде 244-і жазылып шыққан.