• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Мамыр, 2020

2020 жылғы Бостон марафоны өтпейтін болды

362 рет
көрсетілді

Бостон Атлетикалық қауымдастығы (B.A.A.) 124-ші Бостон марафоны COVID-19 пандемиясына байланысты марафон өтпейтіндіктен, виртуалды шара ретінде ұйымдастыратынын хабарлады.

Аталған виртуалды марафон қыркүйектің екінші аптасында өтетін виртуалды жарыстар тізіміне қосылады. 

2020 жылдың 20 сәуірінде өтеді деп жоспарланған марафонға тіркелген барлық қатысушыға жарна толық мөлшерде қайтарылады. Сонымен қатар, 124-ші Бостон марафонына онлайн қатысу мүмкіндігі беріледі. Онлайн марафон 7-14 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда.