1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында іске асырылады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;3х4 көлеміндегі 2 фото.Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.