Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Чикаго қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы әйгілі The Ring басылымы хабарлады.
Иллинойс штатында өтетін бокс кешінде отандасымыздың қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Әзірше жекпе-жектің нақты датасы белгісіз. Бірақ Головкиннің промоутері Эдди Хирн бұл айқасты тамыз айында өткізуге ниетті екенін айтты.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек ақпан айынан бері түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған. Головкин-Шеремета кездесуінде отандасымыздың IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.