Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен бейнеконференцбайланыс арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің, Министрлік басшылығының, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция, Ветеринариялық бақылау комитеттерінің, сондай-ақ АШМ-нің аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті.
Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігі сұрақтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг қорытындылары қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзінің кіріспе сөзінде органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, соның ішінде проблемалық мәселелер туралы ақпаратты жеткізді.
Сондай-ақ, Министр министрлік жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі туралы хабардар етті және жұртшылықты осы жобаның жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов отставкаға кету және бағыныштылардың сыбайлайлас жемқорлығы үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі институтын іске асыру тетіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Ағымдағы жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг нәтижелері көрсеткендей, Министрлік сыбайлас жемқорлыққа барынша бейімді құрылымдар тобының қатарында қала беруде – деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбі агроөнеркәсіптік кешен мен ветеринарлық бақылау салаларына тиесілі. Көбінесе, қылмыстық істер фитосанитариялық сертификаттар мен ветеринариялық анықтамалар берумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқырумен байланысты» – деп түйіндеді спикер.
Өз сөзін қорытындылай келе, Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін ескере отырып, ағымдағы жылдың маусым айының басында ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бейінді бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сыбайлас жемқорлықты жою бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ниеттілігін атап өтті.