• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Шымкенттік 2000 жас жұмыспен қамтылады

147 рет
көрсетілді

Шымкентте биыл "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында 2000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 

Бағдарламаға қатысамын деушілерден өтініштер карантин кезінде онлайн қабылданған еді. Қазір  "Жұмыспен қамту" орталығына өткізуге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін, 30 жасқа толмаған, жоғары білімді болуы керек. Сонымен қатар, тәжірибеден өту барысында іскерлігін дәлелдесе, жұмысын тұрақты түрде жалғастыруына мүмкіндік бар.

Мамандардың айтуынша, қаламызда медицина қызметкерлері мен тәрбиеші, заңгер,құрылыс сынды маман иелеріне сұраныс басым.