• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Ақтауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

382 рет
көрсетілді

2019 жылы абаттандыру жұмыстарын тендер қорытындысы бойынша «Алаш Констракшн» ЖШС жеңіп алып, қала аумағындағы тіреу қабырғаларын сырлау, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдарымен спорт алаңдарына сырлау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстарды атқарды, деп хабаралйды Ақтау қалалық әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2019 жылы Ақтауда 8 балалар алаңы орнатылды. Сондай-ақ, 2019 жылы 4 спорт алаңы жөнделді. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 41 692 мың теңге қаралған. Мердігер мекеме «Жаңа түбек» ЖШС, мекен-жайлары: 32а ш/а – 29 үй алдына жаңадан орнатылды, 32а ш/а – 18 үй алдына жаңадан орнатылды, 29 ш/а – 20 үй алдына жаңадан орнатылды, 11 ш/а – үй алдына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 2020 жылы 6 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы