• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің бұйрығы №187

310 рет
көрсетілді

2013 жылғы 12 тамыз, Астана қаласы«Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес бұйырамын:1. «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің  2007 жыл­­ғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығына (2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4933  тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерінің Бюллетенінде 2007 жыл, №10, ст. 287 жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 7) тармағына сәйкес бұйырамын:»;көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесі осы бұйрықпен қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр   М. Құл-Мұхаммед.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің2013 жылғы 8 тамыздағы №187 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығымен бекітілген

Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесі

1. Жалпы ереже1. Осы тарихи - мәдени сараптама жүргiзудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  19-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген және тарихи-мәдени мұра объектiлерiне тарихи-мәдени сараптама жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды. 2. Тарихи-мәдени сараптама (бұдан әрi - сараптама) мәдени-мұра объектiсiнiң тарихи-мәдени маңызын және сақталу деңгейiн белгiлеу мақсатында жүргiзiледi. 3. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне сараптаманың жүргiзiлуiн тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қамтамасыз етедi. 4. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiне немесе жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне сараптаманың жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган) қамтамасыз етеді.

2. Тарихи-мәдени сараптама жүргiзудiң тәртiбi5. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiне немесе тарих және мәдениет ескерткiштерiне сараптама уәкiлеттi органның немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-жаңғырту жұмыстарын жүргiзу лицензиясы бар сарапшыны (сарапшыларды) сараптамалық жұмысты орындау шартын жасау арқылы жүргiзiледi.Сараптаманы бірнеше мекеме немесе сарапшы жүргізген жағдайда сараптамалық жұмысты орындау шарты әрқайсысымен жасалады.6. Уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы орган сарапшыға (сарапшыларға) мынадай материалдар ұсынады:1) тарихи-мәдени мұра объектiсiне тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiн беру мақсатында:сипаттамасы, орнатылған уақыты мазмұндалған мәлiмет;тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң фотосуретi;2) тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiнен айыру мақсатында;тарих және мәдениет ескерткiшiнiң төлқұжаты, есеп карточкасы;тарих және мәдениет ескерткiшiнiң қорғау мiндеттемесi;3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгерту мақсатында:тарих және мәдениет ескерткiшiнiң төлқұжаты;тарих және мәдениет ескерткiшiнiң қорғау мiндеттемесi;тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң фотосуретi.7. Сараптама сарапшыға (сарапшыларға) материалдарды ұсынған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын, шартта көрсетілген мерзімде жүргiзiледi. Сараптаманы жүргізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптама жүргізудің шартта көрсетілген мерзімі мекеменің немесе сарапшының жазбаша ұсынымы негізінде отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.8. Уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы орган мүдделi мемлекеттiк органдарға және басқа ұйымдарға сұрау салулар жiберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетедi. 9. Сараптама жүргiзу кезiнде мекеме (сарапшы):1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы органмен жасалған шарттың талаптарын сақтайды; 2) тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң немесе тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнына барып, тiкелей қарауды жүзеге асырады; 3) сараптама жүргiзу үшiн ұсынылған сараптама объектiсi, материалдар мен ақпараттар туралы мәлiметтердi жария етпейдi, сондай-ақ, оларға көпшілікте баға беруде қалыс қалады. 10. Сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ, оны жүргізуге кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда, осы жағдай мәлім болған кезден бастап үш күн ішінде мекеме (сарапшы) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органды хабардар етеді.11. Жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша сараптама жүргiзудің мәніне мекеменің (сарапшылардың) дәлелдi, ғылыми негiзделген, объективтi және толық тұжырымдары қамтылған сараптамалық қорытынды жасалады. 12. Сараптамалық қорытынды сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, ал сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда қорытындыда оның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және оның құзыреттiлiгiн көрсететiн деректер, сондай-ақ, қолы көрсетiледi. 13. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатқа ие.14. Сараптамалық қорытындыда мыналар көрсетiлуі тиiс:1) сараптама жүргiзген мекеме немесе тұлға, лицензия нөмiрi және оның берiлген мерзiмi;2) сараптама жүргiзiлген ғылымның саласы;3) сараптаманың мәнi мен мақсаттары;4) сараптама объектiсiнiң атауы;5) сараптама объектiсiнiң белгiленуi;6) қойылған сұрақтарға негізделген және толық жауап.15. Сараптама қорытындысында сараптама объектiсi туралы қосымша мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн. 16. Мекеме (сарапшы) жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша:1) объектіге тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру немесе бермеу туралы;2) объектінің тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру немесе айырмау туралы;3) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және (немесе) оларды өзгертуге немесе  ауыстырмауға және (немесе) оларды өзгертпеуге қорытынды береді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8705 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар