• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Ертістің суы егістікке пайдалы

550 рет
көрсетілді

Биыл Павлодар өңірінде егін шаруашылығын қолдауға 4,5 млрд. теңге субсидия бөлінген. Жалпы, 618,3 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілген. Алқаптарды тыңайту мақсатында  14,3 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған. Көкөніс өсіруішлер  6,8 мың гектарға көкөніс тұқымын сеуіп, бақша дақылдары  1,7 мың гектарға, ал, 18,8 мың гектар алқапқа картоп отырғызылған

Шаруашылықтардың егістікке қажетті техникасы жеткілікті. Көктемгі егіс жұмыстарына 19,1 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Агро бизнес» және «Кең дала» бағдарламалары аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 3,3 млрд. теңгеге  133 несие берілген.

Мысалы, өңірдегі Ертіс ауданындағы - «Оразбаев» шаруашылығында тәулігіне 45 тоннаға дейін астық өңдейтін диірмен кешені жұмыс істейді. Ауданда көктемгі егіс жұмыстары жүргізілуде.  Қазір 173 мың гектар алқапқа егін егілген.

Суармалы алқапқа 1 мың гектар бидай, қарақұмық, соя және жүгері түрлері өсіріледі. Ал, аудандар үшін Ертіс өзенінің суын пайдалану және суармалы алқапты дамыту  маңызды бағыт. Сондықтан, жер пайдаланушылар инфрақұрылымдар құрылысымен қатар өздерінің инвестициялық бағдарламаларын жасауға кіріспекші.