• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Мамыр, 2020

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 41 адам тіркелді

524 рет
көрсетілді

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 41 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

Оның ішінде Қарағанды қаласында – 25 адам, Теміртау қаласында – 12, Шахтинск қаласында – 2 және Бұқар жырау ауданында – 2 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

2020 жылдың 29 мамырындағы ахуал бойынша облыста вирусты жұқырған жалпы 829 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 221 пациент жазылып шыққан.