• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Атыраулық полицейлер үш күнде 1,2 млн теңге айыппұл өндірді

830 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері 25 мамырдан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Алғашқы үш күнде жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық жасалыпты. Соған орай жүргізушілерге салынған  1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.

– «Борышкер» іс-шарасы  айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге қатысты пәрменді жұмыстарды  ұйымдастыру мақсатында қолға алынды. Аталған іс-шара кезінде Жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың және  «Автоураган» жүйесінің көмегімен қала көшелерінен 45 көлік тоқтатылды. Бұл көліктердің жүргізушілері  276 рет әкімшілік құқық бұзған. Кейбіреуінің жол қозғалысы ережелерін 10-17 рет  бұзғаны анықталды. Алайда, олар құқық бұзушылық үшін салынған 2 миллион теңгеден асатын айыппұлдарды төлеуден жалтарып келген. Тәртіп сақшылары  борышкерлердің көліктерін айыппұл тұрағына қойып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.