Провизорлық стационарға жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен 1983, 2008 және 2011 жылдары туған облыс орталығының тұрғындарына коронавирус диагнозы қойылды. Бұл отбасының бір мүшесі осыған дейін коронавирусты жұқтырған, аталған азаматтар онымен жақын қарым-қатынаста болған.
Сондай-ақ, Таразда вирусты жұқтырған адаммен байланыс жасаған адамдар арасында 1983 жылғы адамның да вирусты жұқтырғаны анықталды.Сонымен қатар зертханалық сараптама нәтижелері облыс орталығының 1979 жылы туған тұрғынының (әйел адам) коронавирусты жұқтырғанын көрсетті, ол респираторлық белгілермен медициналық мекемеге жүгінген.Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланысқан адамдар карантинге бақылауға алынды. Ошақтарда дезинфекция жасалды.29 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 370 адам тіркелген, оның ішінде 187-сі жазылып шыққан.