• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Қостанайлық бір отбасы мүшелері түгел коронавирус жұқтырған

164 рет
көрсетілді

Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 адам тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам ПТР әдісімен анықталған. Олар бір отбасының мүшелері. Бұл азаматтар Жітіқара қаласында әр түрлі мекенжайда тұрады. Олар бұған дейін вирусты жұқтырған пациентпен жақын байланыста болған. Індетті жұқтырғандар — 1962 жылғы ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйел адамдар, 1999, 2002 жылғы қыздар және 2005 жылғы оқушы қыз.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам ПТР әдісімен анықталды, олар бір отбасының мүшелері. Бұл азаматтар Жітіқара қаласында әр түрлі мекенжайда тұрады. Олар бұған дейін вирусты жұқтырған пациентпен жақын байланыста болған. Індетті жұқтырғандар — 1962 жылғы ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйел адамдар, 1999, 2002 жылғы қыздар және 2005 жылғы оқушы қыз. Сондай-ақ, сол күні коронавирус инфекциясы 21 жастан 58 жасқа дейінгі 7 әйел адамда және 1 ер адамда расталды. Үшеуі профилактикалық тексеру кезінде, қалғандары вирусты жұқтырған пациенттермен жақын байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бәрінен де COVID-19 вирусы табылды. Пациенттер жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. 29 мамырда Жітіқара қаласында және Денисов ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді. Олар — 12 ер адам және бір әйел, барлығы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болуы бойынша есепке алынып, ПТР зерттеу бойынша вирусты жұқтырғаны анықталды. Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады. 29.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциямен жалпы 165 адам анықталған, олардың 64-і жазылып шыққан.