• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Мамыр, 2020

Атырау: Індет жұқтырғандар саны 1024 адамға жетті

366 рет
көрсетілді

Теңіз кенішінде де, аудандарда да коронавирус инфекциясының тіркелуі тоқтар емес. Бұған өткен тәулікте 44 адамнан індеттің анықталуы дәлел бола алады.

Өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, індетке шалдыққандардың арасында Теңіз кен орнындағы мердігер мекемелердің 30 қызметкері бар. Олар бұрын осындай инфекцияны жұқтырғандармен байланыста болған.

–Ал, 13 адам –Жылыой ауданының, біреуі Мақат ауданының тұрғыны. Науқастардың індетті жұқтырғаны  скринингтік тесттен өту кезінде расталды. Қазір бұл науқастармен байланыста болғандар анықталуда. Сондай-ақ, індет ошақтарына эпидемиологиялық зерттеу,  дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп жатыр, -деп хабарлады жедел штабтан.

Осы деректерді қоса есептегенде, Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың саны 1024-ті құрады. Ал, 294 адам індеттен жазылып шықты.