Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ж. Тайжанов жəне "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерімен жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы темір жол вокзалдардың пандемия жағдайында тасымалдаудың жүзеге асыру дайындығы қаралды.
Жалпы, көліктегі Бас санитарлық дəрігердің нұсқаулары бойынша жолаушылар вагондарында жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы вокзалдарда қажетті іс-шаралар жасалды.
Жекелеп алғанда, Нұрлы Жол және Нұр-Сұлтан-1 вокзалдары жолаушыларды реттеу сызықтарымен қамтылған. Ара қашықтықты сақтау белгілері орнатылған. Күту залдарында санитайзерлер орналастырылған. Əрбір жолаушылар вагондары гигиеналық сұйықтық жəне қорғаныс құрылғыларымен қамтылған. Жалпы, атқарылған іс-шаралар пандемия кезінде жолаушылар тасымалын максималды түрде қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді.