• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Еліміздегі 8 ЖОО жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға дайын

388 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық вице-министрі Д. Щеглова Білім және ғылым вице-министрі Р. Бегаримен бірлесіп еліміздің 13 ЖОО және "ВТЅ Education" компанияларының өкілдерімен 2020-2021 жылдарға арналған білім беру бағдарламасына ТМК секторларының жаңа мамандықтарын енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сандық трансформациялауда қолдау көрсету мақсатында Министрлік "Индустрия 4.0" инновациялық кластерін құру бойынша жұмыс жүргізуде. Сандық трансформация процессін білікті кадрлар даярламай жүзеге асыру мүмкін емес.

Сондықтан, бүгінгі күні Еңбек министрлігі, БҒМ және "ВТЅ Education" компаниясымен "Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласы" ұлттық жобасын іске асыру үшін ТМК-нің 9 бағыты, Машина жасау, көлік-логистикалық және құрылыс салалары бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аралық нәтижелер бойынша "BTS Education" атласы аясында ТМК секторларында сұранысқа ие жаңа мамандықтар тізбесі құрылды.

Қалыптасқан тізбе негізінде министрлік елдің жоғары оқу орындарымен тиісті жұмыстар жүргізуде, онда 8 ЖОО жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға дайын екендіктерін білдірді, олардың өкілдері 2020-2021 оқу жылына жаңа оқу траекториясын әзірлеу мүмкін екендігін хабарлады.

Кездесу барысында вице-министр Д. Щеглова ТМК секторларында талапкерлер үшін жариялауға жоспарланған басым мамандықтар туралы БАҚ-та жариялай отырып, ЖОО-мен тиісті Меморандум әзірлеуге және жасасуға дайын екендігін айтты.

Министрлік бұл жұмыс ТМК секторларында алдағы 5 жылға қажетті және білікті кадрларды даярлау бойынша оң нәтиже беретініне сенім білдіреді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сандық трансформациялауда қолдау көрсету мақсатында Министрлік "Индустрия 4.0" инновациялық кластерін құру бойынша жұмыс жүргізуде. Сандық трансформация процесін білікті кадрлар даярламай жүзеге асыру мүмкін емес.

Сондықтан, бүгінгі күні Еңбекмині, БҒМ және "ВТЅ Education" компаниясымен "Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласы" ұлттық жобасын іске асыру үшін ТМК-нің 9 бағыты, Машина жасау, көлік-логистикалық және құрылыс салалары бойынша жұмыс жүргізілуде.