1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 22:00 аралығында ұзартылады;
2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 20:00 аралығында ұзартылады;
3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 22:00 аралығында ұзартылады;
4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақыты сағат 08.00 мен 19.00 аралығында ұзартылады;
5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 11:00 мен 23:00 аралығында ұзартылады ((келушілер саны бір мезетте 30 адамнан аспауы тиіс);
6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақыты сағат 10.00 мен 22.00 аралығында ұзартылады;
7.Қосымша білім беру орталықтары жұмысын қайта бастайды (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
8. Спа-орталықтары, ашық жағажайжар ашылады (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер жұмысқа қосылады (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
10. Қоғамдық демалыс парктері ашылады (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
11. Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосылады;
12. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосылады;
13. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар ашылады;
14. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосылады;
15. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосылады;
16. Эпедемиологиялық ахуал күрделі қала, аудан, елді-мекендерді қоспағанда облыс бойынша орналасқан блок-бекеттер алынады