• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Маңғыстау: Блок-постта жұмыс істеген полицейлер марапатталды

491 рет
көрсетілді

Маңғыстауда төтенше жағдай кезінде 11 блок-бекет және 5 жылжымалы бекет тәулік бойы жұмыс істеді. Бүгін таңертең Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында орналасқан №5 блок-бекетінде карантин кезіндегі ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Инфекцияның таралуын болдырмауға белсенді көмек көрсеткен және вирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болған полиция қызметкерлеріне Құрмет грамоталар Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев табыстады.

Бірқатар қызметкер өз міндеттерін адал атқарғаны және коронавирустық инфекциямен күресу шараларына қатысқаны үшін басшылықтан Алғыс хаттар алды.

Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Маңғыстау облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Молбаев Серік, Маңғыстау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы 1-взводының аға инспекторы полиция капитаны Халбаев Сәбит, Маңғыстау облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасы ғимарат күзету взводының командирі полиция старшинасы Бименов Мерей, Маңғыстау облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасы қару-жарақ қоймасының меңгерушісі полиция сержанты Апақаев Сәкен, Жаңаөзен қаласы ПБ Кадр саясаты бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Джайлыбаев Марғұлан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарымен Маңғыстау облысы ПД Жедел криминалистика басқармасының криминалисті полиция майоры Тұрғанбеков Бекжан, Маңғыстау облысы ПД Ақпарат және байланыс басқармасының инженері полиция кіші лейтенанты Нұрберген Жасұлан, Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Айдауыл қызметі ротасының полицейі полиция аға сержанты Мырзаш Барат, Маңғыстау облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция сержанты Қызылғұл Ержан, Маңғыстау облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция сержанты Бекболов Ержан марапатталды. 

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен грамотамен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы полиция кіші лейтенанты Қаниев Ақылбек, Қарақия ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметін бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбеков Асқар, сонымен қатар алғыс хатпен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының полицейі полиция аға сержанты Тайманов Әбіш, Қарақия ауданы ПБ кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі полиция аға сержанты Нұрмағамбетов Ақылбек сынды қызметкерлер марапатталды.

- Сізге адал қызмет еткеніңіз үшін және карантин режимі кезінде Маңғыстауда заңдылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Сіз жағдайды қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін кез-келген төтенше жағдайларға уақытылы жауапкершілікпен қарадыңыз. Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, кәсіби міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарау біздің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етті, - деді Ж. Бақтыбаев.