• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Қазақстандық әскер қатары толықты

277 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне 255 кіші маман келіп, өз мамандықтары бойынша кіші командирлер ретінде қызметке кірісіп кетті, деп хабарлайды аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Алты ай бойы Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу орталықтарына шақыртылған әскери қызметшілер бірқатар мамандықтар бойынша оқыды. Олар байланыс маманы, пулеметші, зеңбірек командирі, миномет командирі, топографиялық түсірілім командирі, есептоп командирі, броньды техникалардың механик – жүргізушісі және жүргізуші мамандықтарын оқыды.

Кіші мамандарды даярлау бойынша оқу орталықтарының түлектері дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындық бойынша емтихандар тапсырып, курсты аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

- Әскери бөлімге келгеннен кейін, мамандар кәсіби даярлыққа  дайындық бойынша тест тапсырып, жақсы білім деңгейлері мен машықтығын көрсетті. Болашақта біз осы көрсеткіштерді арттырып, жақсартуға мақсат қойып отырмыз, - деді майор теңіз жаяу әскері бригадасының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Ерлан Нуралин.

Барлық іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілді.