• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2013

АҚШ пен Оңтүстік Корея келісімі нені көздейді?

320 рет
көрсетілді

Шарайна

АҚШ пен Оңтүстік Корея солтүстіккореялық ядролық қатерге тежеу салу туралы келісімге қол қойды. Құжатта Корея түбегінде күтпеген оқиға бола қалған жағдайдағы іс-қимылдар жоспары көрсетілген.

Солтүстік Кореяның ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарулар қолдануына тежеу салудың арнайы стратегиясы атты құжатқа Сеулде өткен қауіпсіздік жөніндегі кезекті кездесу қорытындысында екі елдің қорғаныс министрлері қол қойған. Ал Кореяның Еңбек партиясының басшылығы бұл келісімді қылмыстық құжат деп бағалап, ол күшінде тұрғанда екі Корея арасындағы қарым-қатынастарда қандай да бір алға басуды күтуге болмайтынын атап көрсеткен.

Шарайна

АҚШ пен Оңтүстік Корея солтүстіккореялық ядролық қатерге тежеу салу туралы келісімге қол қойды. Құжатта Корея түбегінде күтпеген оқиға бола қалған жағдайдағы іс-қимылдар жоспары көрсетілген.

Солтүстік Кореяның ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарулар қолдануына тежеу салудың арнайы стратегиясы атты құжатқа Сеулде өткен қауіпсіздік жөніндегі кезекті кездесу қорытындысында екі елдің қорғаныс министрлері қол қойған. Ал Кореяның Еңбек партиясының басшылығы бұл келісімді қылмыстық құжат деп бағалап, ол күшінде тұрғанда екі Корея арасындағы қарым-қатынастарда қандай да бір алға басуды күтуге болмайтынын атап көрсеткен.

Ливия түрмелеріндегі азаптаулар тыйылар емес

2011 жылы Муаммар Каддафи режімі құлатылғаннан кейін Ливия түрмелерінде кем дегенде 27 адамның азаптап өлтірілгені белгілі болып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Ливияны қолдау жөніндегі миссиясы мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары офисінің бірлескен баяндамасында хабарланған.

Баяндамада ел басшылығының пенитенциарлық жүйенің қалыпты жұмысын жолға қоюға талпыныс жасауына қарамастан, жергілікті түрмелерде қамауда отырғандарды азаптау жағдайларының кең тарап кеткендігі атап көрсетілген. Мұндай жағдайдың орын алуының басты себебі, Ливиядағы көптеген түрмелердің формальді түрде үкімет бақылауында деп есептелгенімен, іс жүзінде оларды бұрынғы жанжалдардан кейін қалған қарулы топтардың басқаратындығында болып отыр.

Полиция Мурси жақтастарын қуып таратты

Египетте полиция «Мұсылман бауырлардың» ел астанасындағы Тахрир алаңын басып алмақ болған талпынысының жолын кесті.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлау­ынша, исламистердің шағын тобы алдымен таяу орналасқан көшелерге жиналып үкіметке қарсы ұрандар көтеріп, үйлердің қабырғалары мен дүкендердің витриналарына жазулар жаза бастаған. Бірақ бұл әрекет жергілікті тұрғындар мен сатушыларға ұнамай қалып, олардың арасындағы келіспеушіліктер соңы қатты қақтығыстарға ұласады. Осыдан соң оқиға болған жерге полиция отрядтары келіп, олар тәртіп бұзғандардың бесеуін қолға түсіреді. Осы орайда, Египет сотының «Мұсылман бауырлар» ұйымының кез келген қызметіне тыйым салғанын айта кету қажет.

Әуежайдағы жарылыстың алдын алды

Американың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласының әуежайында полицейлер екі «күмәнді затты» тауып, залалсыздандырған. Соның салдарынан жүздеген адамды қауіпсіз жерлерге көшіруге тура келген.

Қазіргі уақытта әуежай жұмысы қайта қалпына келтірілді. Оқиғаның себебін анықтаумен федералдық тергеу бюросы айналысатын болады. Сәл бұрынырақ әуежай әкімшілігіне терминалдардың бірінен күмәнді зат табылғаны туралы хабар түскен екен. Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері табылған заттардың күйретушілік сипатқа ие екенін де атап көрсеткен.

Мадуро ресейліктер ұсынысын қолдайды

Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресей президенті Владимир Путинді Нобель сыйлығына ұсыну жөніндегі бастамаға қолдау білдірді. Оның айтуынша, Ресей басшысының іс-қимылы әлемді Сириядағы соғыстан сақтап қалды.

Егер осынау тарихи сәтте кім де кім Нобельдің бейбітшілік сыйлығына лайық болса, ол Сирия халқына қатер төндірген соғысты тоқтатуға көмек көрсеткен президент Владимир Путин деп атап өткен Мадуро. Осыған дейін Мемлекеттік дума депутаттары мен қоғам қайраткерлері Ресей президенті Владимир Путинді Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынған болатын. Депутат Иосиф Кобзонның айтуынша, Ресей мемлекетінің басшысы бұл атаққа америкалық көшбасшы Барак Обамаға қарағанда әлдеқайда лайық.

Инвесторлар Гейтстің кетуін талап етуде

Microsoft корпорациясының бірқатар ірі инвесторлары Билл Гейтстің директорлар кеңесінің төрағасы лауазымынан кетуін талап етуде.

Рейтер агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, компанияның 20 ірі салымшыларының есімдері аталмаған 3 инвесторы директорлар кеңесінде осындай шешімнің қабылдануына күш салуда. Жиынтығында компанияның 5 пайыздан астам акцияларына ие инвесторлардың пікірінше, Гейтс осы лауазымда отырып алып Microsoft-ты дамытудың жаңа стратегияларын қабылдауға кедергі келтіруде. Оның сыртында инвесторлар компания акциясының 4,5 пайызына ие және аса ірі жеке инвестор болып саналатын Гейтстің өкілеттігі оның компаниядағы үлесіне сәйкес келмейді деп есептейді.

Жерге екі тонналық спутник құламақ

2014 жылдың 1 қаңтарында салмағы шамамен 1,7 тонна болатын ресейлік «Молния» спутнигі Жерге құлайды. Таяудағы бес жылда осы үлгідегі тағы жеті аппарат орбитадан шығатын болады, делінген «Вымпел» концернінің баяндамасында.

Мамандардың есебінше, Жерге 2003 жылы ұшырылған №3-45 «Молния» құлауы тиіс. Одан кейін, яғни 2015 жылдың тамызында 1978 жылы ұшырылған аппарат, ал 2016 жылы 2003 жылы ғарышқа шығарылған екі спутник Жерге құлайтын болады. Аппараттардың дәл қай жерге түсетіні айтылмай отыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар