«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта суармалы жерлердің көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайды, оның ішінде 210,4 мың гектар жер жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялармен қамтылған, олар өнімділікті бірнеше есе арттырады», - деді С. Омаров.
Министрдің айтуынша, заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инфрақұрылым жүргізу мен суару жүйелерін сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі. Бұдан басқа, сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға төмендетіледі.