• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2013

Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанаға ұшып келді

320 рет
көрсетілді

Бүгін, 3 қазан күні кешкісін Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанаға ұшып келді. Ол ең алдымен «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Екі күндік сапар барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Екі ел басшысы сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық ықпалдастық үдерістерді дамыту жөнінде ой бөліседі. Сонымен бірге, халықаралық өзекті проблемалар бойынша өзара пікір алмасу көзделген.

Соңғы жаңалықтар