Есептік кездесу карантиндік іс-шараларға байланысты Полиция департаментінің Фейсбук және Инстаграм парақшаларында тікелей эфир арқылы жүзеге асты.
Аталған онлайн режиміндегі есептік кездесу азаматтарды қабылдау, олардың өзекті мәселелерін шешу алаңы ретінде де қарастырылып, тікелей эфирде желі қолданушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ералы Жумаханбетов - Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры: «Екі жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» іске асырылуда. Полиция халыққа қызмет көрсетудің жаңа үлгісіне көшуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету басты нәтиже болып табылуда. Бұл дегеніміз «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда тағы бір өзекті мәселе. Мен Шымкент полициясының жұмысы туралы қоғам пікіріне мұқият қараймын. Әр қабылдауымда болған азаматтардың өзекті мәселелерін шешу біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін. 2019 жылы 724 азамат жеке қабылдауымда болса, осы жылы төтенше жағдайға қарамастан 132 азаматты қабылдап, өтініштерін тиянақты қарап, тиісті шешімдер қабылдадық. Маған келген азаматтардың полицияға деген алғыс білдіруі туралы өтініштері де осыған дәлел. Әлеуметтік желідегі тіркелген Полиция департаментінің сайттарына үнемі қала тұрғындары алғыстарын жазуда. Олардың көбі қылмысты ізін суытпай ашып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі адал қызметтеріміз үшін арналған алғыстар. Біздің жұмысымызға бей-жай қарамағаны үшін қала тұрғындарына алғыс білдіремін! Жылдан жылға полицияға көмектесуге дайын адамдардың саны артып келе жатқаны біз үшін жақсы жетістік. Бұны оң үрдіс деп қолдаймыз. Өткен мерзімде қоғамдық тәртіпті сақтауға 118 полицияның қоғамдық көмекшісі, 78 қала тұрғындары қатысты. Олармен 258 қылмыс ашылып, 1229 әкімшілік құқықбұзушы анықталды. Полицияның жұмысына белсенді ат салысқан 118 көмекші 3 миллиондай теңгемен, 5 азамат ІІМ грамотасымен, 78 азамат Департаменттің грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, 2019 жылы қылмыстардың саны 12,4%-ға төмендесе, осы жылы 5 айда бұл көрсеткіш 25,1%-ға азайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патруль полиция қызметкерлерімен бір жылда мас күйде көлік жүргізгені үшін 637 жүргізуші ұсталып, сот шешімімен 3-жылға жүргізу құқығынан айырылса, осы жылы 109 жүргізуші сот шешімімен 7-жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамаққа алынды.
Коронавирус инфекциясын алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін 148 арнайы автокөлік, 1 мың 800 қызметкерлер мен сарбаздар жұмылдырылды.
Төтенше жағдай кезінде ҚР ІІМ Ерлан Тұрғынбаев республика бойынша 47 полиция қызметкерлерін марапаттады. Оның 9-ы Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде іс-шараларды орындау мақсатында өз міндеттерін адал, абыроймен атқарған қызметкерлерді атап өтсек, ол 2020 жылы 16 наурызда, яғни төтенше жағдайдың бірінші күнінде Нұрсат мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйдің балкон терезесінен өз өміріне қол сұғуға әрекет жасаған тұрғынды құтқарғаны үшін ІІМ-нің бұйрығымен Қаратау аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Есенкулов Медет Қанатұлын «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі» медальі және полиция аға лейтенанты Чуманов Асқар Шерәліұлын «Алғыс хат» марапатына ие болды.
2020 жылы 26 наурызда алыстан келе жатқан пойыздың астына темір жол рельсіне жатпақшы болған 17 жасар жасөспірімді бір сәт ойланбастан батылдық танытып, ажалдан аман алып қалғаны үшін Еңбекші аудандық Полиция басқармасының бірінші орынбасары полиция майоры Майрихов Даурен Мырзалиұлын және Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Сагинбаев Биржан Сагинбайұлын, учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Темір Жәнібек Өмірбекұлын, полиция майоры Абубакиров Даулет Бахытұлын ІІМ-нің тарапынан «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі» медалімен марапатталды.
Еліміздегі індеттің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін сақтап, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз етіп қоймай өзіміздің тарапымыздан өткізіліп жатқан «Таза қала» акциясын жүргізу барысында 200 астам полиция қызметкерлері ерікті түрде қаланың Айбергенов көшесінде орналасқан 5 үйдің, 8-ші мөлтек ауданындағы 3 үйдің аулаларын тазартып, ойын алаңындағы құрылғыларды сырлап, подъезд алдындағы отырғыштарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, сол ауладағы үйлерде тұратын тұрғындардың алғысын алдық. Қазіргі кезде полиция тарапынан 16 мамырдан 16 маусымға дейін «Өзіміздің полицей» атты іс-шара жүргізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – аймаққа бекітілген әр учаскелік полиция қызметкерін жергілікті халықпен тығыз байланыста бірлесе қылмысқа, құқық бұзушылыққа қарсы төзбеушілік танытуы.
Біздің басты міндетіміз қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алудағы адал және шынайы жұмыс атқару болып табылады.