• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2013

Бокс. Әзербайжан құрамасы құрамын анықтады

240 рет
көрсетілді

Бокстан Әзербайжан құрамасы Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын анықтады. Бұл туралы Әзербайжан бокс федерациясының мәліметіне сілтеме жасаған Sport.1news.az тілшісі хабарлады.

-Спорттық мансабын аяқтаған Самир Мамедовты (56 кг) Джавид Челебиев алмастырды. Ал жастар арасындағы 2012 жылғы әлем чемпионатының жүлдегрі Пярвиз Багиров (69 кг) біріншілікте Тамерлан Абдуллаевтың орнында өнер көрсетеді, - делінген хабарламада.

Бір айта кететін жәйт, Тамерлан – қазақтың жиені. Оның анасы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Нағашы ата-әжесі қазір де осы өңірде тұрады.

Әзербайжан құрамасының мүшедері қазіргі күндері Қазақстан жерінде. Олар біздің құрама жігіттерімен бірге жаттығып жатыр.

Сонымен, Әзербайжан құрамасы мынадай:

49 кг – Салман Ализаде, Еуропаның 2011 және 2013 жылдарғы қола жүлдегері;

52 кг - Эльвин Мамишзаде, 2010 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылғы қола жүлдегері;

56 кг - Джавид Челебиев;

60 кг – Эльвин Исаев;

64 кг – Гейбатулла Гаджалиев, Еуропаның 2011 жылғы қола жүлдегері;

69 кг – Пярвиз Багиров;

75 кг – Солтан Мигитинов;

81 кг – Рауф Рагимов;

91 кг - Теймур Мамедов – Еуропаның 2011 жылғы чемпионы, 2013 жылғы күміс жүлдегері, әлемнің 2011 жылғы күміс жүлдегері, 2012 жылғы Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері;

+91 кг – Магомедрасул Меджидов – әлемнің 2011 жылғы чемпионы, 2013 жылғы Еуропа чемпионы, 2012 жылғы Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері.

Бас жаттықтырушы – Владимир Золотарев, жаттықтырушы - Нариман Абдуллаев.

Руслан Игілік.