• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Маусым, 2020

Алик Айдарбаев «ҚазТранГаз» компаниясын «Самұрық Қазына» меншігіне беруді ұсынды

325 рет
көрсетілді

А.Айдарбаев Елбасының бастамасымен елімізде көптеген мұнай-газ құбырлары салынғанын атап өтіп, олардың қызметін жүргізу «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компанияларына тиесілі болғанына тоқталды.

Оның сөзіне қарағанда, осы екі компанияның қызметін орталықтан басқаруды «ҚазМұнайГаз»-ға жүктеу өз жемісін бергенін жеткізді. Қазіргі таңда екі компания да өзіне жүктелген міндетті орындап, дербес жұмыс істеуге әбден төселді.

«Осыған байланысты, «ҚазТранГаз» компаниясын «Самұрық Қазына» меншігіне беруді ұсынамын. Бұл қадам басқару деңгейлерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» IPO-ға шыққанда инфрақұрылымдық жобаларды мемлекетке қалдырады. Үшінші, «ҚазМұнайГаз»-дың мұнай мен газды барлау, қазу және қайта өңдеуге, сондай-ақ мұнайгаз химиясы бойынша жүктелген міндеттерге назар аударуға жағдай жасайды», деді А.Айдарбаев.