• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

270 рет
көрсетілді

Қазақстанның үздік 48 ұста­зы­ның әрқайсысына 1,7 млн. тең­геден сыйақы тапсырылды. Кеше Ас­танадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында осыған арналған салтанат болып өтті.

Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қо­сы­лады. Бұл туралы кеше қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. «Бұл үшін келесі жылдың бюджетінде 650 миллион теңге қарастырылып отыр», деді ол.

Қазақстанның үздік 48 ұста­зы­ның әрқайсысына 1,7 млн. тең­геден сыйақы тапсырылды. Кеше Ас­танадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында осыған арналған салтанат болып өтті.

Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қо­сы­лады. Бұл туралы кеше қала әкімі Ахметжан

Өскемен қаласы жылыту маусы­мына көшті. Мұнда техникалық жағы­нан дайын көп қабатты үйлерге жылу беріле бастады. Жалпы, жылу жүйелеріне қосу жұмыстары биыл 2-11 қазан аралығында жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ресей орденімен марапатталды. Кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников «Достық» деп аталатын осы награданы Асқар Мырзах­метовке арнайы келіп табыс етті. Қызылорда облысының әкім­дігі тірек елді мекендер жайын тал­қылады. Осыған арналған алқа оты­рысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта 2014 жылы мұндай ауылдардың саны артуы керек екенін айтты.

Павлодарда мүгедектер арнайы автобустармен жүретін болды. Осыған орай, облыс әкімі Ерлан Арын кеше «Павлодар автокомбинаты» кәсіпорнына жаңа автобустардың кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді. Олардың арасында уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында өсірілген тұқы, дөңмаңдай және ақ амур сынды су маржандарының ұрпақтары бар.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар