Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы берілетінін айтты.
- Спорт саласындағы жаттықтырушы-оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернат-колледждері мен спорт колледжі тәрбиешілерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының (17 697 теңге) 100% мөлшерінде қосымша ақы беріледі, - деді Ақтоты Райымқұлова.