Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Коронавирус пандемиясына қатысты елдегі жағдайды ескере отырып, аймақтардағы ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық бөлімшелер Zoom платформасы арқылы қосылды.
Экология министрі М. Мырзағалиев өзінің құттықтау сөзінде ел халқын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, флора мен фаунаның бірегей түрлерін сақтауға, экологиялық жауапты сананы қалыптастыруға шақырды.
«Экологтардың басты міндеті – біздің жерімізді сақтау, оның байлығы мен ұрпақтарымыз үшін қайталанбастығын ескеру. Қоршаған ортаға қамқорлық – бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің кез келген тұрғынының парызы. Сіздерді Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын!», – деді Министр.
Іс-шара барысында қоршаған ортаны сақтауға, браконьерлікпен күреске қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатымен Батыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсімдіктер дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы марапатталды.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, жоғары кәсіби қасиеттері мен Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтауға, қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге қосқан жеке үлесі, жаңашылдық пен бастамашылық, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін «Экология саласының үздігі» төс белгісімен – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Президиумының төрайымы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов, «Қазгидромет» РММ экология департаментінің директоры О. Корнюхова және «Қарағанды облыстық экология мұражайының» департаментінің директоры Д. Калмыков марапатталды.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен экоактивистер: А.С. Соловьева, С.Т. Рахимбекова, Е.Н. Абаканов, А. Сахариянова құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Құрметті әріптестер, бүгін ведомствалық марапаттарға әр саланың дамуына, яғни мемлекетіміздің дамуына күнделікті үлес қосып отырған адамдар ие болады. Бізбен қатар, біздің құрметті ардагерлер, құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ел игілігі үшін еңбек етіп жүргендері қуантады. Жыл сайын қоршаған ортаға ұқыпты қараудың осындай лайықты мысалдары бізде көп, ал марапат әрқашан өз батырларын табады» - деп түйіндеді министр.