Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде Түркістан қаласындағы қалпына келтіріліп жатқан ауқымды жұмыстар жайында айтты.
- Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен көптеген ғасырлар бойы бүкіл түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болған Түркістан облысы жаңадан құрылды. Осы тарихи шешімнің аясында бүгінде Түркістан қаласындағы ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Түркістан қаласының тарихи бөлігіндегі құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, олардың ішінде: Х.А. Яссауи музейі, «Ұлы Дала Елі» орталығы, музыка мектебі, кітапхана, қолөнер орталығы, сарай керуені, визит-орталығы, спорт объектілері сияқты жаңа объектілер бой көтеріп келеді, - деді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан Түркістан қалашығын қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
- Министрлікпен 2019-2021 жылдар кезеңінде қалашықтың шынайы келбетін толық қалпына келтіре отырып, 88,7 гектар алаңда 17 нысанды консервациялау, музейлендіру және қорғау аймағының аумағын абаттандыру Жоспарының жобасын әзірледі. Оның ішінде «Күлтөбе» археологиялық ескерткішіне әлемдік археологиялық парк ретінде жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қала өмірінің рухы мен тұрмысын толық беру және объектіні бұқаралық келушілер, қажылар мен халықаралық туристер үшін жоғары қызығушылық орны ету жоспарлануда. Сондай-ақ «Сауран», «Яссы», «Сарайшық», «Баласағұн», «Бозоқ» ортағасырлық қалашықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деді министр.