Германия канцлері Ангела Меркель ARD телеарнасындағы сұхбатында Германия экономикасындағы қазіргі жағдайды ГФР тарихындағы ең ауыр кезең деп атады. Бұл туралы РБК ақпарат таратты.
«Біз ГФР тарихындағы ең ауыр экономикалық жағдайды бастан өткерудеміз. Мұны түсіну керек» деді МеркельОның сөзінше, пандемия салдарынан Германияның 7 миллионға жуық тұрғыны толық емес жұмыс күніне көшірілген. Дағдарыстан шығу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет болуда.«Бұл пандемия қаншаға созылады, біз оны білмейміз. Жаңа вакцина қашан әзір болатынын да тап басып айта алмаймыз. Болашаққа үңілетін көріпкелдігіміз де жоқ. Бірақ ауыртпалықты еңсеруде дұрыс жолдамыз деп ойлаймын» деді Меркель.Канцлер ұлттық экономиканы ынталантырудың шаралар кешені қабылданғандығын еске слып өткен. Оған 130 миллиард еуро қарастырылған. Соңғы деректер бойынша, Германияда коронавирусқа шалдыққандар саны 184 мың адамға жеткен, 8635 адам қайтыс болған.