• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2013

Таиландтағы су тасқынынан ондаған адам қаза болды

423 рет
көрсетілді

Тайландта 17 қыркүйекте басталған су тасқынынан қаза болғандар саны бүгін 30-ға жетіп отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Синоптиктер мұнда жақын арада жаңбырдың күшейе түсетінін мәлімдеді.

Табиғи апат салдарынан елдің 33 провинциясындағы 15 мың ғимаратты су басып қалған. Сондай-ақ Тайландтың ірі Чаопрайя мен Тхачин өзендеріндегі су арнасынан тасыған. Аса қиын жағдай елдің солтүстік-шығыс бөлігінде байқалуда. Жалпы Тайландта су тасқынынан шамамен 3 млн. адам зардап шегіп отыр.

Айдар Өрісбаев.