• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2013

Қытай кәсіпкері тәулік ішінде миллиард доллар табыс тапты

271 рет
көрсетілді

«Гэлэкси энтертеймент» инвестициялық қорын құрушы қытайлық миллиардер Люй Чжэву тәулік ішінде бір миллиард доллар табыс тауып, Азиядағы ең бай адамдар тізімінің екінші орнын еншіледі. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Табыстың мұншалықты қарқынмен өсуіне «Гэлэкси энтертеймент» акциялары бағамының лезде көтеріліп кетуі негіз болған. Осы акциялардың 65 пайызы Люй Чжэвуға тиесілі еді.

Жалпы ол ойынхана мен ресторанды негізгі табыс көзіне айналдырған. Биылғы есеп бойынша оның қаражаты 22,1 млрд. долларды құрап отыр.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар