• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2013

Андрей Панин қазаға ұшырайтынын сезген секілді

293 рет
көрсетілді

Жарты жыл бұрын өмірден озған актер Андрей Панин өзінің артына біраз жұмбақ қалдырып кеткен секілді. Бұл туралы «Жизнь» газеті мәселе көтерді.

Полиция ол үйінде кездейсоқ құлаған кезде басынан қатты соққы алған деген қорытындыға келді. Ал актердің жақындары мен туыстары оның қайғылы өліміне әлі күнге дейін сенер емес.

«Андрей үнемі сурет салатын, – дейді оның анасы Анна Григорьевна Панина. –Сол туындыларына қол қоймайтын және өзгелерге көрсете бермейтін».

Оның суреттерінде артық дене мүшелері бар түсініксіз адамдар, түрлі құбыжықтар бейнеленген. Андрейдің еңбектерін зерттеген өнертанушылар мен психологтар оның туындыларында тірі кезіндегі күйзелісінің сырлары болуы мүмкін дегенді айтады. Сондай-ақ актердің кейбір суреттеріне қарағанда, ол өзінің өлімін алдын ала сезген сияқты...

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар