• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Маусым, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

897 рет
көрсетілді

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық, тек батыста және оңтүстікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі.