• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2020

Жаңа Зеландияда коронавирус толығымен жойылды

260 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландияда вирус жұқтырған науқастың анықталмағанына 17 күн болды. Ал соңғы он күнде ел тұрғындары Окленд қаласында тұратын 50-лер шамасындағы соңғы науқастың жазылғанын күткен. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-дан емделіп жатқан адамның жоқ екенін ресми мәлімдеді.

Бұл жаңалыққа қуанған ел билігі бірер сағаттан соң Жаңа Зеландияда бүгін түннен бастап барлық шектеу шаралары алынатынын хабарлады. Дегенмен ел шекарасы әлі де жабық болады. Ертеңнен бастап ара қашықтық сақтау мен көп адам жиналуға тыйым салған ережелер күшін жояды.

Уеллингтон қаласында өткен баспасөз маслихатында премьер-министр Джасинда Ардерн «Біз дайынбыз»,- деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ Жаңа Зеландиялықтардың вируспен күресте білдірген ынтымақтығы мен бірлігі үшін алғыс айтты.

Жаңа Зеландия өзін коронавирустан азатпыз деп жариялағанымен, вирусты анықтау шараларын тоқтатпайды. Мәселен, шекарадан өткен кез келген адам екі аптада бойы бақылауда болып, одан осы аралықта екі рет тест алынады. Жалпы шекара қызметіндегі барлық адам тестілеуден өтуі керек.

Джасинда Ардерн елді жабу туралы шешімді науқастар саны аз болғанына қарамастан 25 наурызда қабылдады. Жаңа Зеландияда барлығы 1 504 адам вирус жұқтырып, 22 науқас қайтыс болды.