Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім болды,- деп хабарлайды Egemen.kz
"Науқастың жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Есін жиып, дәрігерлердің бақылауы кезінде сұрақтарға жауап береді. Уақыт пен кеңістікті жоғалтпаған. Басы ауырып, кейде айналып тұрғанын айтады. Қозғалыс аймағының сал болып қалауы байқалмайды. Палатада өзі жүріп тұрады", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді.