• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2013

Әкімшілік қызметкерлері қысқарып жатыр

353 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы кезекті отырысында үш мәселені талқылады. Сөйтіп, бірінші жартыжылдық пен қордың 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды.

Жиналыста қордың компания­лар тобының әкімшілік-басқару қызметкерлерінің санын қысқарту, сондай-ақ еншілес компанияларда корпоративті басқаруды жетілдіру шаралары да қарастырылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы кезекті отырысында үш мәселені талқылады. Сөйтіп, бірінші жартыжылдық пен қордың 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды.

Жиналыста қордың компания­лар тобының әкімшілік-басқару қызметкерлерінің санын қысқарту, сондай-ақ еншілес компанияларда корпоративті басқаруды жетілдіру шаралары да қарастырылды. «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтің сөзіне қарағанда, биыл қордың компаниялар тобында 2356 әкімшілік қызметкерді жұмысынан босату көзделіпті. Бұл шара Мемлекет басшысының ұлттық компаниялардағы басқару аппараттарының құрылымдарын оңтайландыруға байланысты 2012 жылдың басында берген тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынып отыр екен. Өткен жылы қор компанияларында 2210 қызметкер жұмыстан қысқартылыпты. Сонымен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік-басқару ұжымы 29 790 адамды құраған. Қызметкерлерді қысқартудың нәтижесінде еңбекақыға жұмсалатын шығындар 7 млрд. теңгеге азайған.

Отырыста қор тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттар да мақұлданды. Атап айтқанда, еншілес ұйымдарын басқару жөніндегі регламент, 2014 жылға арналған корпоратив күнтізбесі, сондай-ақ қордың директорлар кеңесінен және еншілес компаниялардың бақылау кеңестерінен келер жылға жасаған болжамдары бекітілді. Көрсетілген құжаттар экономикасы дамыған елдердің корпоративті басқару тәжірибелері негізінде дайындалған. Бұйыртса, осы құжаттар акция иеленуші ретінде компаниялармен қарым-қатынасты жүйелендіруге бағытталады. Сөйтіп, қор қызметіндегі барлық басқару үрдістерін байланыс­тырып, директорлар кеңесінің уәкілдіктерін күшейтпек. Сонымен бірге, қордың стратегиялық холдинг үлгісіне өтуіне жағдай жасайтын көрінеді. Бұл бастамалар қор тобындағы корпоративті басқаруды жетілдірудегі батыл қадамдар болып отыр.

Қор басқармасы бірінші жартыжылдықта даму стратегия­сын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерімен де танысты. Бұл жоспар 11 ірі еншілес ұйымның стратегиялық көрсеткіштері мен инвестициялық жобаларын қамтиды. Есепке қарағанда, жылдың алғашқы жартысында 217 іс-шара жүзеге асырылыпты.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар